Хабарландыру!
Конкурс өткізу туралы хабарландыру!
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданының білім бөлімінің «Балдырған» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны мекемесінің педагог-психолог (уақытша бос тұрған декреттегі қызметкердің орнына, 1 бірлік) лауазымына конкурс жариялау туралы хабарлайды!
Орналасқан жері: Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы, Сыздықбаев көшесі № 3.
Электрондық поштасы: baldirgan1@yandex.kz
Пошталық индексі: 080100
Анықтама үшін телефон: 8(726 37) 2-30-21.
Мекеме атауы: Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданының білім бөлімінің «Балдырған» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны.
Конкурс ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының (19.11.2021 №568 өзгерістерімен) талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Бос лауазым атауы: педагог-психолог (уақытша бос тұрған декреттегі қызметкердің орнына ,1 бірлік).
Негізгі функфионалдық міндеттері:
Мектепке дейінгі жастағы балалардың психологиялық және әлеуметтік әл-ауқатын қамтамасыз етуге және қалыпқа келтіруге бағытталған қызметті жүзеге асырады;
Баланың дамуы мен мінез-құлқындағы проблемаларды анықтайды, психикалық, эмоционалдық-коммуникативтік және тұлғалық даму деңгейі мен ерекшеліктеріне психологиялық диагностика жүргізеді, психологиялық қорытынды жасайды;
Мектепке дейінгі жастағы балалар тұлғасының дамуына кедергі келтіретін факторларды анықтайды, әртүрлі психологиялық (психопрофилактикалық, дамытушылық және консультациялық) көмек көрсетеді.
Қажет болған жағдайда ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалауға қатысады және балаларға арналған, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар жеке дамыту бағдарламаларын іске асырады.
Мектепке дейінгі жастағы шығармашылықпен дарынды балаларға психологиялық қолдау көрсетеді, олардың дамуына, шығармашылық қабілеттерін ашуға ықпал етеді;
Ата-аналарға, тәрбиешілерге және педагогтарға консультациялық көмек көрсетеді;
Белгіленген нысан бойынша құжаттаманы жүргізеді, педагогикалық, әдістемелік кеңестердің жұмысына, ата-аналар жиналыстарын, сауықтыру, тәрбиелеу және білім беру ұйымының жұмыс жоспарында көзделген басқа да іс-шараларды өткізу жөніндегі жұмысқа қатысады;
Кәсіби құзыреттілікті арттырады, мектеп жасына дейінгі балалармен психологиялық жұмыстың заманауи әдістері мен технологияларын қолданады;
Балалардың өмірін, денсаулығын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді;
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды.
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы","Педагог мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы ", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңдарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерді;
Біліктілікке қойылатын талаптар: диплом бойынша психолог мамандығына сәйкес жоғары және кәсіптік білімін растайтын құжат, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;
Құжат тізбесі:
1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДС175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8)наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұданәрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
10) Нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
Аталған құжаттардың топтамасы толық ұсынылмаса, кандидаттың Конкурсқа қатысу үшін берген құжаттарын қабылдаудан бас тартылады.
Лауазымдық жалақысы, қызмет атқарған жылдарына байланысты: 150 000 мың теңге
Конкурсқа құжаттарды қабылдау: 18.11.2022 ж аяқталады.
Конкурстың өткізілу мерзімі:23.11.2022ж Сарыкемер ауылы , Сыздықбаев көшесі №3 орналасқан «Балдырған» балабақшасы.