Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
«Балдырған» балабақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
(872637) 2-10-44
+77072787737
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ұлттық домбыра күні
30
июнь
2023
Ұлттық домбыра күні
Ұлттық домбыра күні балабақшада балалардың шығармашылық қабілетін өсіре отырып жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамыту, қазақтың аспаптық музыкасын терең түсінетін, құрметтейтін,  халқымыздың ұлттық аспабы домбыраны қастерлейтін ұрпақ тәрбиелеу мақсатында іс - шара ұйымдастырылды.
"Жаз ханшайымы - 2023" сайысы
15
июнь
2023
"Жаз ханшайымы - 2023" сайысы
Балабақшаның 2022-2023 оқу жылының жаз мезгіліне арналған жоспарына сәйкес "Жаз ханшайымы - 2023" атты қыздар арасында сайыс өтті. Балалар бойында эстетикалық талғамды қалыптастыра отырып, ата - аналармен бірлесе балалардың өнерін шыңдау мақсатында ұйымдастырылған іс - шарада балалар белсене ат салысып қатысты. "Жаз ханшайымы - 2023", "Өнерлі ханшайым", "Сұлу ханшайым" және т.б номинациялармен марапатталып, сыйлық берілді.
"Бір шаңырақ астында - бірлігіміз жарасқан" атты өткізілген іс - шара
31
май
2023
"Бір шаңырақ астында - бірлігіміз жарасқан" атты өткізілген іс - шара
1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне орай "Бір шаңырақ астында - бірлігіміз жарасқан" атты өткізілген іс - шара.  Мамырдың бірі, достық күні Ән салып, билеген халықтың үні. Тұтасып, тойлаған ұлттар, Керемет мереке, мамырдың бірі
"Еркін ел ұрпағы" жалпыұлттық патриоттық диктант
04
май
2023
"Еркін ел ұрпағы" жалпыұлттық патриоттық диктант
2023 жылдың 4 мамыр күні "Балдырған" балабақшасының педагогтері "Еркін ел ұрпағы" жалпыұлттық патриоттық диктант жазды.
"Сиқырлы оюлар" тақырыбында кіріктірілген іс-әрекет
18
апрель
2023
"Сиқырлы оюлар" тақырыбында кіріктірілген іс-әрекет
"Ертегілер" ересек тобының тәрбиешісі Серикбаева Алияның ұйымдастыруымен "Сиқырлы оюлар" тақырыбында кіріктірілген іс-әрекет өтті. Балаларды  ұлттық ою - өрнек түрлерімен таныстыра отырып, 5-ке дейінгі реттік санау дағдыларын дамыту мақсатында ойындар ойнатылды
"Күншуақ" мектепалды тобымен музыкалық ырғақты ойындар
13
апрель
2023
"Күншуақ" мектепалды тобымен музыкалық ырғақты ойындар
Музыка жетекшісі Ускелов Бердімұрат "Күншуақ" мектепалды тобымен музыкалық ырғақты ойындар ойнау арқылы балалардың эмоционалдық көңіл күйлерін көтеріп, әуенді  тыңдау арқылы музыканы қабылдаумен зейінін дамыту мақсатында ойын арқылы ұйымдастырылған іс - әрекет өтті.
"Көңілді ноталар" тақырыбында ойын түрінде ұйымдастырылған іс - әрекет
12
апрель
2023
"Көңілді ноталар" тақырыбында ойын түрінде ұйымдастырылған іс - әрекет
"Жұлдыздар" мектепалды тобының тәрбиеленушілерімен музыка жетекшісі Байсариева Фарида "Көңілді ноталар" тақырыбында ойын түрінде ұйымдастырылған іс - әрекет өткізді. "Ноталар үйшігі", "Сиқырлы таяқшалар" атты мақсатты ойындар ұйымдастырды.
"Кітапханаға саяхат" тақырыбында ойын түрінде ұйымдастырылған іс - әрекет
11
апрель
2023
"Кітапханаға саяхат" тақырыбында ойын түрінде ұйымдастырылған іс -
"Кітапханаға саяхат" тақырыбында ойын түрінде ұйымдастырылған іс - әрекетті тәрбиеші Жайықова Нағима "Балдырған" ортаңғы тобымен өткізді. Балаларға кітап түрлері, кітапты ұқыпты ұстап, кітаптың адам өміріндегі маңыздылығы туралы ұғындыру мақсатында ойын ойнату арқылы саяхат жасап, балаларға түсіндірді.
"Пайдалы және зиянды тағамдар" тақырыбында кіріктірілген ойын түрінде ұйымдастырылған іс - әрекет
10
апрель
2023
"Пайдалы және зиянды тағамдар" тақырыбында кіріктірілген ойын түрінде
"Қарлығаш" ортаңғы тобының бүлдіршіндерімен тәрбиеші Джанкараева Гүлнұр "Пайдалы және зиянды тағамдар" тақырыбында кіріктірілген ойын түрінде ұйымдастырылған іс - әрекет өтті. Мақсатты ойын ойнату арқылы балаларға зиянды және пайдалы тағамдарды ажыратуды үйретті.
"Ғарыш әлеміне саяхат" тақырыбында кіріктірілген іс - әрекет
07
апрель
2023
"Ғарыш әлеміне саяхат" тақырыбында кіріктірілген іс - әрекет
"Күншуақ" тобының тәрбиешісі Г.Мұқашеваның ұйымдастыруымен "Ғарыш әлеміне саяхат" тақырыбында кіріктірілген іс - әрекет өткізді. Мақсаты: 1-10 ға дейінгі сандарды тура және кері санауға дағдылау, реттілігі бойынша сұраққа жауап беруге үйрету, пішіндерді ажыратуға, теңдіктен теңсіздік керісінше теңсіздіктен теңдік жасау ұғымын қалыптастыру және логикалық ойын дамыту, патриоттық сезімін жетілдіру, кеңістікті бағдарлау ұғымдарын ойын арқылы жеткізу.