Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
«Балдырған» балабақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
(872637) 2-10-44
+77072787737
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Қуыршақтарға көмектесейік" тақырыбында ойын түрінде ұйымдастырылған іс - әрекет
30
январь
2024
"Қуыршақтарға көмектесейік" тақырыбында ойын түрінде ұйымдастырылған
Педагог- зерттеуші Ұ.Алибекова "Күншуақ" ортаңғы топ бүлдіршіндерімен "Қуыршақтарға көмектесейік" тақырыбында ойын түрінде балалардың жас ерекшелігіне сай ұйымдастырылған іс- әрекет өтті. Міндеті: әлеуметтік ойын технологиясы арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың математикалық түсініктерін қалыптастыру.
"Көңілді сауат ашу" тақырыбында ойын түрінде ұйымдастырылған іс- әрекет
29
январь
2024
"Көңілді сауат ашу" тақырыбында ойын түрінде ұйымдастырылған іс-
Педагог - сарапшы Н.Ибрагимова "Балақай" мектепалды тобымен "Көңілді сауат ашу" тақырыбында ойын түрінде ұйымдастырылған іс- әрекет өткізді. Міндеті: балалардың сөздік қорларын сөйлеу біліктері дыбыс, буын, сөз, сөйлем туралы білімдерін жалпылау, бекіту.
"Қыс қызығы" қызметкерлер арасында эстафета
19
январь
2024
"Қыс қызығы" қызметкерлер арасында эстафета
Балабақшаның жылдық жоспарына сәйкес дене шынықтыру жетекшілерінің ұйымдастыруымен "Қыс қызығы" тақырыбында қызметкерлер арасында қыстық эстафета өтті.
"Қарлығаш" ересек тобы мерекелік ертеңгілік
28
декабрь
2023
"Қарлығаш" ересек тобы мерекелік ертеңгілік
"Қарлығаш" ересек тобы мерекелік ертеңгілікті өзге ғаламшарға саяхат жасаумен бастады. Өзге ғаламшарлықтарға өнерлерін көрсетіп, Аяз ата мен Ақшақарға арнап ән салып, би биледі.
"Ертегілер" мектепалды тобы
28
декабрь
2023
"Ертегілер" мектепалды тобы
"Ертегілер" мектепалды тобы ертеңгілікті "Күлше қыз" ертегісі желісімен балалардың сахналауында өткізді. Балалар ән салып, би билеп, тақпақтарын айтты.
"Айгөлек" ересек тобы "Құтты болсын Жаңа жыл!" тақырыбында мерекелік ертеңгілік
27
декабрь
2023
"Айгөлек" ересек тобы "Құтты болсын Жаңа жыл!" тақырыбында мерекелік
"Айгөлек" ересек тобы "Құтты болсын Жаңа жыл!" тақырыбында мерекелік ертеңгілікті тәрбиешілер Ш.Сұлтанаевамен Б.Маханова ұйымдастырды. "Аңдар биі", "Аяз аталар", "Ұлулар" биін билеп, мерекеге арналған әндерін айтып өнерлерін көрсетті.
"Қош келдің, Жаңа жыл!" мерекелік ертеңгілік "Көбелек" ортаңғы топ
27
декабрь
2023
"Қош келдің, Жаңа жыл!" мерекелік ертеңгілік "Көбелек" ортаңғы топ
"Көбелек" ортаңғы тобы тәрбиешілері Ж.Сағындықова мен Р.Сисенова балаларға жаңа жылдық мерекелік көңіл күй сыйлау мақсатында "Қош келдің, Жаңа жыл!" атты ертеңгілік ұйымдастырды. Ертеңгілікке кейіпкерлер қонаққа келіп, балалармен ойын ойнатып, тапсырманы бірге шешсе, балалар өз кезегінде ән салып, би биледі.
"Жаңа жыл кеші көңілді" атты ертеңгілік "Балдырған" ересек топ
26
декабрь
2023
"Жаңа жыл кеші көңілді" атты ертеңгілік "Балдырған" ересек топ
"Балдырған" ересек тобының тәрбиешілері Р.Ахмедова мен Н.Жайықова "Жаңа жыл кеші көңілді" тақырыбында мерекелік ертеңгілік өткізді. Ертеңгілік барысында балалар ән салып, би билеп, тақпақтарын айтты. Қонаққа ертегі кейіпкерлері келіп, балалармен ойындар ойнап мерекелік көңіл күй сыйлады.
"Күншуақ" ортаңғы тобы мерекелік ертеңгілік
26
декабрь
2023
"Күншуақ" ортаңғы тобы мерекелік ертеңгілік
"Күншуақ" ортаңғы тобының тәрбиешілері Ұ.Алибековамен А.Сматилдаева мерекелік ертеңгілікті балалардың жас ерекшеліктеріне сай ертегі желісімен ұйымдастырды. Қонаққа келген кейіпкерлерге өз өнерін көрсеткен бүлдіршіндер ойын ойнап, көтеріңкі көңілмен мерекені қарсы алды.
"Шырша кеші" мерекелік ертеңгілік
26
декабрь
2023
"Шырша кеші" мерекелік ертеңгілік
"Шырша кеші" тақырыбында мерекелік ертеңгілікті "Балақай" мектепалды тәрбиешілері Н.Ибрагимовамен З.Жұманазарова ұйымдастырды. Ертеңгілікті балалар тақпақтарынан бастап, қонаққа кейіпкерлер келіп балаларға мерекелік көңіл күй сыйлады. Балалар өз кезегінде өз өнерлерін көрсетті.